Жаңалықтар
-
кеше 08:15
-
26.02.2021 22:33
-
26.02.2021 20:27
-
26.02.2021 16:04
-
26.02.2021 15:11
-
26.02.2021 10:01
-
26.02.2021 09:50
-
26.02.2021 09:20
-
26.02.2021 08:29
-
26.02.2021 08:15
-
25.02.2021 22:08
-
25.02.2021 20:42
-
25.02.2021 18:28
-
25.02.2021 10:36
-
25.02.2021 10:10
-
25.02.2021 09:48
-
25.02.2021 09:43
-
25.02.2021 08:58
-
25.02.2021 08:34
-
25.02.2021 08:15
-
25.02.2021 08:00
-
25.02.2021 06:10
Коронавирус: «Қызыл» аймаққа тағы бір облыс кірді
2021 жылғы 19 қаңтар 09:39

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 19 қаңтарда коронавирус инфекциясының таралу деңгейі жағынан «қызыл» аймаққа Солтүстік Қазақстан облысы кірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Денсаулық сақтау министрлігі елдегі эпидемиологиялық ахуалға күн сайын талдау жүргізіп отыр. Жыл басталғалы «сары» аймақтан «қызыл» аймаққа үш өңір, Қостанай, Павлодар облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласы өтті. «Жасыл» аймақтан «сары» аймаққа Алматы мен Қарағанды облыстары өтті. Осылайша, 19 қаңтардағы жағдай бойынша «қызыл» аймақта 6 өңір тұр. Олар: Ақмола, Павлодар, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласы. «Сары» аймақта үш өңір бар: БҚО, Алматы мен Қарағанды облыстары. Қалған 8 өңір «жасыл» аймақта», - деді Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында. Еске сала кетсек кеше, яғни 18 қаңтарда Қазақстанның 4 облысы мен 1 қаласы, атап айтқанда, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Атырау облысы мен Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймақта болған еді.