Жаңалықтар

Коронавирус: «Қызыл» аймақта 8 өңір ғана қалды, жетеуі «сары» аймақта тұр

2021 жылғы 18 қыркүйек 09:02
Коронавирус: «Қызыл» аймақта 8 өңір ғана қалды, жетеуі «сары» аймақта тұр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 18 қыркүйектегі Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.

«Қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстары орналасқан. «Сары» аймақта Шымкент қаласы, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары тұр. «Жасыл» аймақта - Түркістан және Жамбыл облыстары.