Жаңалықтар

Коронавирус: Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймаққа енді

2021 жылғы 28 ақпан 09:45
Коронавирус: Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймаққа енді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 28 ақпандағы жағдай бойынша, Қазақстан өңірлеріндегі коронавирусқа қатысты эпидахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оған сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймаққа еніп отыр. «Сары» аймақта: Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстары тұр. Қалған өңірлер - «жасыл» аймақта.