Жаңалықтар

Коронавирус: Нұр-Сұлтан «сары аймаққа» ауысты

2021 жылғы 1 наурыз 10:06
Коронавирус: Нұр-Сұлтан «сары аймаққа» ауысты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 2021 жылдың 1 наурызы күнгі қазақстан амақтарындағы эпидемиялық жағдайды бағалау матрициасын жариялады.

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды. «Сары аймақта» - Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстары тұр. Өзге өңірлердің барлығы «жасыл аймақта».