Жаңалықтар
-
24.04.2022 12:05
-
24.04.2022 10:05
-
24.04.2022 09:17
-
24.04.2022 08:47
-
24.04.2022 08:15
-
23.04.2022 09:53
-
23.04.2022 08:55
-
23.04.2022 08:16
-
23.04.2022 08:05
-
22.04.2022 14:38
-
22.04.2022 08:08
-
21.04.2022 16:36
-
21.04.2022 09:44
-
21.04.2022 08:15
-
20.04.2022 11:26
-
20.04.2022 08:16
-
20.04.2022 07:59
-
19.04.2022 08:50
-
19.04.2022 08:16
-
19.04.2022 07:58
-
18.04.2022 19:05
-
18.04.2022 09:33
-
18.04.2022 08:08
-
17.04.2022 09:21
-
17.04.2022 08:28
-
16.04.2022 11:01
-
16.04.2022 09:44
-
16.04.2022 08:48
-
15.04.2022 09:11
-
15.04.2022 08:16
-
15.04.2022 07:58
-
14.04.2022 17:17
-
14.04.2022 14:33
-
14.04.2022 08:33
-
14.04.2022 08:00
-
14.04.2022 04:00
-
13.04.2022 09:33
-
13.04.2022 08:30
-
13.04.2022 08:01
-
13.04.2022 08:00
-
13.04.2022 02:20
-
12.04.2022 18:52
Коронавирус: «Омикрон» штамы Ресейдің 60-тан астам ауданынан анықталды
2022 жылғы 22 қаңтар 00:43

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ресей Федерациясында «омикрон» штамы D 60-тан астам аудандарға таралды.
Өткен тәулікте елде коронавирус инфекцияның 49 513 жағдайы тіркеліп, 9 136 адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының Telegram каналына сілтеме жасап. Науқастар әсіресе Мәскеуде көп анықталды - 15 987, Санкт-Петербургте – 5 922 және Мәскеу облысында – 4 424. Коронавирустың әсерінен 692 науқас қайтыс болды. Бұған дейін жұқпалы аурулар маманы Евгений Тимаков Ресейде COVID-19 ауруының жоғары деңгейі ақпан айының ортасында болады деп мәлімдеді. Мәскеуде ол сәл ертерек болуы мүмкін — қаңтардың аяғында-ақпанның басында. Себебі, «омикрон» штамының инкубациялық кезеңі екі-үш күн, ең көбі жеті күн, дейді маман. АҚШ иммунологтары зерттеу барысында «омикрон» штамының өзіне қарсы иммунитетті тиімді қалыптастыратынын анықтады. Атап айтқанда, биологтар covid-19 жаңа нұсқасымен ауыратындар коронавирустың осы штамына қарсы иммунитетті қалыптастыратынын және SARS-CoV-2 басқа нұсқаларынан, соның ішінде «дельтадан» қорғауды ішінара күшейтетінін анықтады. Ғалымдар WA1 және «дельта» штамдарын жұқтырған тышқандарда гипотермия, летаргия және салмақ жоғалту сияқты белгілер пайда болғанын атап өтті. «Омикрон» жұқтырғандар, керісінше, қалыпты болып көрінді, ал олардың тыныс жолдарындағы вирустың репликациясы әлдеқайда төмен болды.