Жаңалықтар

Коронавирус: Павлодар облысы «қызыл» аймақтан шықты

2021 жылғы 27 қараша 08:29
Коронавирус: Павлодар облысы «қызыл» аймақтан шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 27 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Қызыл» аймақта: Солтүстік Қазақстан облысы. «Сары» аймақта : Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай облыстары. «Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары. Еске салсақ, 26 қарашадағы жағдай бойынша Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары «қызыл» аймақта тұрған болатын.