Жаңалықтар

Коронавирус: Павлодар облысы «жасыл» аймаққа өтті

2021 жылғы 11 маусым 08:54
Коронавирус: Павлодар облысы «жасыл» аймаққа өтті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Коронавирус инфекциясы бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

11 маусымдағы жағдайға сәйкес: - «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы. - «Сары» аймақта: Алматы қаласы, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары. - «Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары. Еске салайық, кеше Павлодар облысы «сары» аймақта орналасқан болатын.