Жаңалықтар

Коронавирус пен пневмониядан 21 адам қайтыс болды

2021 жылғы 20 мамыр 08:55
Коронавирус пен пневмониядан 21 адам қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 18 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 105 жағдайы және 4 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 78 адам емделіп шықты. ҚазАқпарат бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 54382, қайтыс болды – 869, жазылып шықты - 52981 адам. Сондай-ақ ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен мәлім еткендей, 19 мамыр күні коронавирус 2433 адамда анықталды, 17 науқас көз жұмды.