Жаңалықтар

Коронавирус пен пневмониядан 28,5 мың адам емделіп жатыр

2022 жылғы 5 тамыз 08:58
Коронавирус пен пневмониядан 28,5 мың адам емделіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа шалдыққан науқастардың жағдайы туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

5 тамыздағы мәлімет бойынша, ел өңірлерінде 28 531 адам коронавирустан емделіп жатыр. Олардың арасында 28 247 (КВИ+) науқаста коронавирус инфекциясы, 284 (КВИ-) науқаста коронавирус белгілері бар пневмония анықталған. Барлық пациенттердің 1 466-сы стационарда, 27 065-і амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: - 37 адамның жағдайы ауыр; - 8 пациенттің жағдайы өте ауыр; - 3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.