Жаңалықтар

Коронавирус пневмониясына бір тәулікте 9 адам шалдықты

2022 жылғы 24 сәуір 10:05
Коронавирус пневмониясына бір тәулікте 9 адам шалдықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ел өңірлерінде 22 сәуір күнгі тәулік ішінде коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 9 жағдайы тіркелді. Оған қоса 31 адам емделіп шықты. ҚазАқпарат бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметіне сілтеме жасап хабарлайды.

2020 жылғы 13 наурыздан бастап биылғы 22 сәуірге дейін коронавирус пневмониясына шалдықты – 88 892 адам, жазылып шықты – 82 644 адам, қайтыс болды – 5 353 науқас. Айта кетейік, 21 сәуір күнгі бір тәулікте Қазақстанда пневмония 8 адамнан анықталған болатын.