Жаңалықтар

Коронавирус пневмониясына қатысты  87 жағдай және 16 науқас өлімі тіркелді

2021 жылғы 2 тамыз 09:12
Коронавирус пневмониясына қатысты  87 жағдай және 16 науқас өлімі тіркелді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 87 жағдайы және 16 науқас өлімі тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.

Соңғы ақпарат 31 шілде бойынша коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 87 жағдайы және 16 науқас өлімі тіркелді. Оған қоса 106 адам емделіп шықты. 2020 жылдың 13 наурызынан бастапы барлық ауырғандар – 61 255, 3 740 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 54 764-ке жетті.