Жаңалықтар

Коронавирус пневмониясына тағы 51 адам шалдықты

2021 жылғы 26 ақпан 09:20
Коронавирус пневмониясына тағы 51 адам шалдықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 24 ақпандағы жағдай бойынша, елімізде коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 51 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 212 адам емделіп шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

1 тамыз – 24 ақпан аралығында барлығы: ауырғандар – 49172, қайтыс болды – 620, жазылып шықты – 41 633 адам.