Жаңалықтар

Коронавирус пневмониясынан 2 адам қайтыс болды

2021 жылғы 18 қаңтар 08:30
Коронавирус пневмониясынан 2 адам қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сoronavirus2020.kz сайты 2021 жылғы 18 қаңтардағы жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпаратты жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«16.01.2021ж. коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 17 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 40 адам емделіп шықты» делінген хабарламада. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 46848, 540 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 34613 жетті.