Жаңалықтар

Коронавирус пневмониясынан 2 адам қайтыс болды

2021 жылғы 6 наурыз 09:00
Коронавирус пневмониясынан 2 адам қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сoronavirus2020.kz сайты 6 наурыздағы жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпаратты жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«4.03.2021ж. коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 42 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 215 адам емделіп шықты» делінген хабарламада. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 49504, 637 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 43396 жетті.