Жаңалықтар

Коронавирус пневмониясынан 3 адам қайтыс болды

2021 жылғы 7 наурыз 09:42
Коронавирус пневмониясынан 3 адам қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылғы 7 наурыздағы жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпаратты жариялады, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

«5.03.2021ж. коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 52 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 212 адам емделіп шықты» делінген хабарламада. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 49556, 640 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 43608 жетті.