Жаңалықтар

Коронавирус пневмониясынан 4 адам қайтыс болды

2021 жылғы 17 маусым 08:45
Коронавирус пневмониясынан 4 адам қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сoronavirus2020.kz сайты 17 маусымдағы жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпаратты жариялады.

«15.06.2021ж. коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 57 жағдайы және 4 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 31 адам емделіп шықты» делінген хабарламада. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 56333, 966 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 51761 жетті.