Жаңалықтар

Коронавирус пневмониясынан 5 адам қайтыс болды

2021 жылғы 14 сәуір 08:48
Коронавирус пневмониясынан 5 адам қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 14 сәуірдегі жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«12.04.2021ж. коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 130 жағдайы және 5 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 101 адам емделіп шықты» делінген хабарламада. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 51539, 736 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 50304 жетті.