Жаңалықтар

Коронавирус пневмониясынан бір тәулікте 2 адам қайтыс болды

2021 жылғы 28 ақпан 09:01
Коронавирус пневмониясынан бір тәулікте 2 адам қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 26 ақпан күні елімізде коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 58 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 244 адам емделіп шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

1 тамыз-26 ақпан аралығында барлығы: ауырғандар – 49 284, қайтыс болды – 622, жазылып шықты – 42 093 адам.