Жаңалықтар

Коронавирус пневмониясынан тағы да 3 адам қаза болды

2021 жылғы 2 наурыз 09:15
Коронавирус пневмониясынан тағы да 3 адам қаза болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияны 13 адам жұқтырып, 3-уі қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сондай-ақ 213 адам аталмыш дерттен жазылып шықты. 2020 жылдың тамызынан бастап елде коронавирус пневмониясын жұқтырғандар саны 49307 адам болса, осы дерттен қаза болғандар 628 адамды құрап отыр, ал 42520 адам аурудан жазылып кеткен. Айта кетейік, коронавирус пневмониясынан кеше де 3 адам қаза болған еді.