Жаңалықтар

Коронавирус: Семейде 500-ден астам науқас үй карантинінде жатыр

2021 жылғы 22 қаңтар 21:57
Коронавирус: Семейде 500-ден астам науқас үй карантинінде жатыр

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында 540 адам үй карантинінде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ақпарат орталығының мәліметіне сүйенсек, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының қызметкерлері үйде оқшауланған азаматтарға күн сайын бақылау жүргізеді. Мұндағы мақсат – карантин шектеулерінің сақталуын тексеру. «Бүгінде карантин талаптарын сақтау өте маңызды. Өйткені үйде оқшауланған адам өзі білмей вирус тасымалдаушысы болуы мүмкін. Күн сайын әр үйді аралап, карантиннің қалай сақталып жатқандығын тексереміз. Әр адамға психологиялық тұрғыда көмек те көрсетілуде», - деді Семей қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы Жанар Кеңесқызы. Бүгінгі таңда шаһар бойынша 130 ошақта 540 адам оқшауланған. Мамандар олардың әрқайсынан 14 күн ішінде карантинді сақтау туралы қолхат алады. Егер бұл талапқа бағынбаса, айыппұл салынады.