Жаңалықтар
-
24.04.2022 12:05
-
24.04.2022 10:05
-
24.04.2022 09:17
-
24.04.2022 08:47
-
24.04.2022 08:15
-
23.04.2022 09:53
-
23.04.2022 08:55
-
23.04.2022 08:16
-
23.04.2022 08:05
-
22.04.2022 14:38
-
22.04.2022 08:08
-
21.04.2022 16:36
-
21.04.2022 09:44
-
21.04.2022 08:15
-
20.04.2022 11:26
-
20.04.2022 08:16
-
20.04.2022 07:59
-
19.04.2022 08:50
-
19.04.2022 08:16
-
19.04.2022 07:58
-
18.04.2022 19:05
-
18.04.2022 09:33
-
18.04.2022 08:08
-
17.04.2022 09:21
-
17.04.2022 08:28
-
16.04.2022 11:01
-
16.04.2022 09:44
-
16.04.2022 08:48
-
15.04.2022 09:11
-
15.04.2022 08:16
-
15.04.2022 07:58
-
14.04.2022 17:17
-
14.04.2022 14:33
-
14.04.2022 08:33
-
14.04.2022 08:00
-
14.04.2022 04:00
-
13.04.2022 09:33
-
13.04.2022 08:30
-
13.04.2022 08:01
-
13.04.2022 08:00
-
13.04.2022 02:20
-
12.04.2022 18:52
Коронавирус: ШҚО-да мобильді бригадалар саны артты
2022 жылғы 18 қаңтар 15:15
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында COVID-19 инфекциясына шалдыққандарға үйде көмек көрсететін мобильді бригадалар саны артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ШҚО филиалы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, соңғы күндері өңір бойынша коронавирус жұқтырғандардың өскендігі байқалады. Осыған байланысты облыста мобильді бригадалар саны 356-ға дейін ұлғайтылды. «Пациенттер айналасындағыларға қауіп төндірмеуі және үйде қажетті медициналық көмек алуы үшін мобильді бригадалар құрылған. Олар өз аумағы бойынша қызмет көрсетеді. Жұмыс уақыты – 8.00-ден 20.00-ге дейін. Егер науқас емханада тіркелген мекенжайы бойынша тұрмайтын болса, оған «103» нөміріне хабарласу қажет. 20.00-ден кейінгі қоңырауларға жедел жәрдем дәрігерлері қызмет көрсетеді», - деді филиал басшысы Ғалымжан Әбілов. Сонымен қатар резервте осындай 120 мобильді бригада бар. Оларды шақыру үшін тұрғындардан ешқандай ақы талап етілмейді. Барлық тиісті қаражат МӘМС қорынан өтеледі.