Жаңалықтар
-
кеше 17:31
-
кеше 12:02
-
кеше 08:15
-
25.01.2021 23:09
-
25.01.2021 22:45
-
25.01.2021 21:12
-
25.01.2021 20:24
-
25.01.2021 19:35
Коронавирус: ШҚО-да науқастарға 350 дозадан астам иммундық плазма құйылды
2020 жылғы 24 қараша 03:10

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында COVID-19 инфекциясына шалдыққан 180-нен астам пациент қан плазмасымен емделді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Өңірде коронавирустан жазылып шыққан адамдардың иммундық плазмасын науқастарға құю әдісі жиі қолданылуда. ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бүгінгі таңда әртүрлі қан топтарындағы плазманың 3 123 дозасы дайындалған. «Инфекциялық стационарлардың дәрігерлері үшін иммундық плазманы пайдалану бойынша семинарлар өткізілді. Осы уақытқа дейін 181 пациентке 352 доза плазма құйылған», - делінген хабарламада. Иммундық плазманы дұрыс сақтау үшін Өскемен және Семей қалаларында екі қан орталығы үшін 20 мұздатқыш камера сатып алу жоспарланған. Сондай-ақ аудандық ауруханаларға қосымша 15 арнайы мұздатқыш және 19 плазмалық мұздатқыш сатып алынбақ.