Жаңалықтар

Коронавирус: Шымкент «қызыл», ШҚО «сары аймаққа» өтті

2021 жылғы 15 сәуір 10:22
Коронавирус: Шымкент «қызыл», ШҚО «сары аймаққа» өтті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналында еліміздің аймақтарындағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2021 жылдың 15 сәуіріндегі жағдайға сәйкес: «Қызыл аймақта» Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары тұр. «Сары аймақта» Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Мағыстау облыстары тұр. «Жасыл аймақта» тек Қостанай мен Түркістан облыстары ғана қалды.