Жаңалықтар

Коронавирус: Түркістан облысында 131 науқаc бақылауға алынған

2021 жылғы 18 қаңтар 18:32
Коронавирус: Түркістан облысында 131 науқаc бақылауға алынған

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында короновирус инфекциясы бойынша 131 науқаc бақылауға алынған. Карантин ауруханаларында 63 науқас емделіп жатса, 66 адам үйінде ем қабылдауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, науқастардың арасында 6 жүкті және жаңадан босанған 2 әйел бар. Ал, бүгін індет жұқтырудың 10 жағдайы тіркелді, өсім - тәулігіне 0,25%. Өңірде жұқпалы аурулар ауруханаларында барлығы 610 төсек бар. Облыс эпидемиологилық ахуалды бағалау көрсеткіші бойынша «жасыл аймақта» болып, 340 карантин төсек-орны дайын тұр. COVID-19 инфекциясы өршіген жағдайда оның көлемін 6 есе арттыруға мүмкіндік бар. Пандемия басталғалы аймақта барлығы 3889 жағдай тіркелсе, оның 2436-сы - симптомсыз ауырғандар. Емделушілердің 47% - әйелдер. Осы уақыт аралығында жарты миллионға жуық азаматтан ПТР зертхана сынамасы алынған. Облыс бойынша дәрі-дәрмек пен ӨЖЖ аппараты жеткілікті. Сондықтан дәрігерлер алаңдауға негіз жоқ деп отыр.