Жаңалықтар

Коронавирус: Үндістанда тағы 7 млн адам жұмыссыз қалды

2021 жылғы 3 мамыр 15:56
Коронавирус: Үндістанда тағы 7 млн адам жұмыссыз қалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Үндістандағы жұмыссыздық деңгейі төрт айлық максимумға дейін өсті: сәуір айында шамамен 8%. Сол себепті мемлекеттік әкімшіліктер вирусты жұқтыру жағдайларының рекордты өсуіне жол бермеу үшін карантинді ұзартады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Bloomberg сайтына сілтеме жасап.

Center for Monitoring Indian Economy Pvt. жеке зерттеу фирмасының деректері бойынша, жұмыссыздық наурыз айында 6,5% болса, қазір 7,97%- ға дейін өскен. Өткен айда жеті миллионнан астам жұмыс орны жоғалды. «Жұмыс орындарының саны қысқаруда. Бұл шектеулерге байланысты болуы мүмкін», - деді CMIE басқарушы директоры Махеш Вьяс телефон арқылы. «Вирус әлі де қарқынды болғандықтан және біз медициналық көмек майданында күйзеліске түсіп жатқандықтан, мамыр айында да жағдай шиеленісуі мүмкін». Жексенбіде Үндістанда Covid-19 күнделікті өлімі рекордты 3689 адамға жетті. Сенбі күні Үндістан күн сайын 400000 аса жағдай тіркелген алғашқы ел болды. Дегенмен дүйсенбіде жаңа жағдайлар саны сәл бәсеңсіді.