Жаңалықтар
-
кеше 12:26
-
27.02.2021 23:32
-
27.02.2021 22:20
-
27.02.2021 12:50
-
27.02.2021 12:14
-
27.02.2021 11:18
-
27.02.2021 09:52
-
27.02.2021 09:15
-
27.02.2021 08:39
-
27.02.2021 08:15
-
27.02.2021 08:00
-
26.02.2021 22:33
-
26.02.2021 20:27
-
26.02.2021 16:04
-
26.02.2021 15:11
-
26.02.2021 10:01
-
26.02.2021 09:50
-
26.02.2021 09:20
-
26.02.2021 08:29
-
26.02.2021 08:15
-
25.02.2021 22:08
-
25.02.2021 20:42
-
25.02.2021 18:28
-
25.02.2021 10:36
-
25.02.2021 10:10
-
25.02.2021 09:48
-
25.02.2021 09:43
-
25.02.2021 08:58
-
25.02.2021 08:34
-
25.02.2021 08:15
-
25.02.2021 08:00
-
25.02.2021 06:10
Коронавирус вакцинасын салғызатын адамнан міндетті түрде жазбаша келісім талап етіледі
2021 жылғы 19 қаңтар 15:53

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирус инфекциясына қарсы «Спутник V» вакцинасын салғызатын адамнан міндетті түрде жазбаша келісім талап етіледі. Мұндай талаптың барын ҚазАқпарат тілшісіне Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«КВИ екпесін тұрғылықты мекені бойынша тіркелген емханадан алуға болады. Бұл ретте қауіп тобына жататын азаматтарды екпе алуға учаскелік дәрігерлер шақырады немесе жұмыс орыны мен оқу орынына байланысты екпе салу ұйымдастырылуы мүмкін», - дейді Ержан Байтанаев. Оның айтуынша вакцина алу үшін азаматтар жазбаша келісім беруі керек. Вакцинация 21 күндік аралықпен екі кезеңде жүргізіледі. «Осыған дейін аталған топтарға кіретін азаматтарға екпе тегін. Сонымен қатар халықтың қосымша осал топтарын енгізе отырып, контингентті арттыру көзделуде. Атап айтқанда бұл контингентке ТЖМ, ІІМ, Қорғаныс министрлігі, ҰҚК, Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлерін енгізу жоспарланып отыр», - деді ол. Айта кетейік, бүгінгі Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой вакцина 1 ақпаннан бастап егілетінін және ең алдымен кімдерге салынатынын айтқан болатын.