Жаңалықтар

Коронавирус жұқтырған 11 адамның жағдайы ауыр -министрлік

2022 жылғы 13 қыркүйек 09:16
Коронавирус жұқтырған 11 адамның жағдайы ауыр -министрлік

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 15 298 адам коронавирус инфекциясынан (–15 088+ және 210 КВИ-) емделуде. Бұл туралы ҚазАқпарат Денсаулық министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Коронавируспен ауырғандар ішінде 287 пациент стационарда, 15 011 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 11 адамның жағдайы ауыр, 2 пациенттің жағдайы өте ауыр, 3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.