Жаңалықтар

Коронавирус жұқтырған 185 пациенттің жағдайы өте ауыр - министрлік

2021 жылғы 15 қазан 09:05
Коронавирус жұқтырған 185 пациенттің жағдайы өте ауыр - министрлік

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 52 928 адам коронавирус инфекциясынан (–46 151 + және 6 777 КВИ-) емделуде. Бұл туралы ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

15 қазандағы мәлімет бойынша, 52 928 адам коронавирус инфекциясынан (–46 151 + және 6 777 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 9 114 пациент стационарда, 43 814 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: • 642 адамның жағдайы ауыр, • 185 пациенттің жағдайы өте ауыр, • 125 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.