Жаңалықтар

Коронавирус жұқтырған 230 пациенттің жағдайы өте ауыр – министрлік

2021 жылғы 25 қыркүйек 09:20
Коронавирус жұқтырған 230 пациенттің жағдайы өте ауыр – министрлік

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 25 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 64 475 адам коронавирус инфекциясынан (–55 621 + және 8 854 КВИ-) емделуде. Бұл туралы ҚазАқпарат ДСМ сілтеме жасап хабарлайды.

Олардың ішінде 11 146 пациент стационарда, 53 329 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: • 895 адамның жағдайы ауыр, • 230 пациенттің жағдайы өте ауыр, • 138 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.