Жаңалықтар

Коронавирус жұқтырған 27 адамның жағдайы ауыр - министрлік

2022 жылғы 29 наурыз 09:10
Коронавирус жұқтырған 27 адамның жағдайы ауыр - министрлік

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 29 наурыздағы мәлімет бойынша 3 673 адам коронавирус инфекциясынан (2 672 КВИ+ және 1 001 КВИ-) емделуде. Бұл туралы ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Олардың ішінде -419 пациент стационарда, - 3 254 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: -27 адамның жағдайы ауыр, -19 пациенттің жағдайы өте ауыр, -8 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.