Жаңалықтар

Коронавирус жұқтырған 44 адамның жағдайы ауыр

2022 жылғы 1 тамыз 09:01
Коронавирус жұқтырған 44 адамның жағдайы ауыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде кронавирус инфекциясына шалдыққан 44 науқастың жағдайы ауыр. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

1 тамыздағы мәлімет бойынша, қазір өңірлерде коронавирустан 26 687 адам (–26 466+ және 221 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 1 527 пациент стационарда, 25 160 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+ (коронавирус), КВИ- (коронавирус белгілері бар пневмония) шалдыққандардың арасында: - 44 адамның жағдайы ауыр; - 10 пациенттің жағдайы өте ауыр; - 5 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.