Жаңалықтар

Коронавирус жұқтырған 5 пациент жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды

2020 жылғы 23 мамыр 21:58
Коронавирус жұқтырған 5 пациент жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда COVID-19 вирусын жұқтырған 5 науқас реанимациядан тұрақты палатаға ауыстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Coronavirus2020.kz мәліметінше, Шымкент қаласында ‒ 2 адам, Батыс Қазақстан облысында ‒ 2 адам және Қызылорда облысында ‒ 1 адамның беті бері қараған.

Қазақстан Республикасында барлығы 126 емделуші реанимациядан жалпы бөлімге ауыстырылған.