Жаңалықтар

Коронавирус жұқтырған 523 науқастың жағдайы ауыр – министрлік

2021 жылғы 10 сәуір 10:45
Коронавирус жұқтырған 523 науқастың жағдайы ауыр – министрлік

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясынан емделіп жатқан науқастардың хал-жағдайы туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

10 сәуірдегі мәлімет бойынша, қазіргі уақытта короновирустан 31 360 адам (30 640 КВИ+ және 720 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 11 505 пациент стационарда, 19 855 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: - 523 адамның жағдайы ауыр; - 162 пациенттің жағдайы өте ауыр; - 95 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.