Жаңалықтар

Коронавирус жұқтырған 636 адамның жағдайы ауыр – министрлік

2021 жылғы 16 қазан 09:22
Коронавирус жұқтырған 636 адамның жағдайы ауыр – министрлік

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде 52 770 адам коронавирус инфекциясынан (–46 069 + және 6 701 КВИ-) емделуде. Бұл туралы ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

16 қазандағы мәлімет бойынша, 52 770 адам коронавирус инфекциясынан (–46 069 + және 6 701 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 9 037 пациент стационарда, 43 733 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: • 636 адамның жағдайы ауыр, • 186 пациенттің жағдайы өте ауыр, • 123 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.