Жаңалықтар

Коронавирус жұқтырған 91 адамның ахуалы нашар – министрлік

2020 жылғы 21 қазан 09:33
Коронавирус жұқтырған 91 адамның ахуалы нашар – министрлік

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 2 662 адам ем қабылдап жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 2 662 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 181 өскіншек бала бар. Стационарларда 2 145 науқас жатыр. 517 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 91 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 10 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 13 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», - делінген министрлік хабарламасында.