Жаңалықтар

Коронавирус жұқтырған қазақстандық азамат БАӘ-ден ұшып келген

2020 жылғы 24 қараша 20:46
Коронавирус жұқтырған қазақстандық азамат БАӘ-ден ұшып келген

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жылғы 23 қарашада Қазақстанға Түркия, Беларусь, БАӘ, Ресей мен Германиядан 10 ұшақ ұшып келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ведомствоаралық комиссияның telegram каналына сілтеме жасап.

Аталған халықаралық рейстермен Қазақстанға 940 жолаушы ұшып келген. Олардың ішінде 853-де ПТР-тест анықтамасы болған. Анықтамасы болмаған 86 жолаушы карантиндік стационарға жатқызылған. Атап айтқанда ПТР-тест анықтамасы жоқ Нұр-Сұлтанға 41, Алматыаға 27, Ақтауға 20 жолаушы жеткен. «Осы 86 азаматтың бәрінен коронавирус табылған жоқ. Алайда Бірікке Араб Әмірліктерінен келген бір жолаушының ол елден тестің оң нәтижесімен келгені анықталды. Нақтырақ айтқанда тестілеудің қорытындысы оған сапар барысында электронды пошта арқылы жеткен. Жолаушы бірден оқшауландырылып, әуежайға жедел жәрдем жетті», - делінген департаменттің хабарламасында.