Жаңалықтар

Коронавирус жұқтырған науқастардың ішінде 10 адамның жағдайы ауыр

2022 жылғы 20 сәуір 08:16
Коронавирус жұқтырған науқастардың ішінде 10 адамның жағдайы ауыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда соңғы тәулікте 8 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомствоаралық комиссияның хабарлауынша, індеттен айыққандардың 4-еуі Алматы қаласында, 1-еуі Шығыс Қазақстан облысында, 2-еуі Жамбыл облысында және 1-еуі Павлодар облысында тұрады «Елімізде барлығы 1 290 904 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты», - деп жазды комиссия әлеуметтік желідегі парақшасында. Онда 20 сәуірдегі мәлімет бойынша 1 791 науқас коронавирус инфекциясынан емделіп жатқаны да айтылған. 112 пациент стационарда болса, 1 679 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр. «КВИ-ге шалдыққандардың арасында 10 адамның жағдайы ауыр, 2 пациенттің жағдайы өте ауыр, 🔹 3 науқас ӨЖЖ аппаратына таңылған», - деп хабарлады ведомство.