Жаңалықтар

Коронавирус жұқтырғандардың тәуліктік көрсеткіші жарияланды

2022 жылғы 6 тамыз 08:50
Коронавирус жұқтырғандардың тәуліктік көрсеткіші жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 2197 жағдай тіркелді. Бұл туралы ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК сілтеме жасап хабарлайды.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 364 844 жетті. Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында - 579, Алматы қаласында - 337, Шымкент қаласында – 29, Ақмола облысында – 103, Ақтөбе облысында – 74, Алматы облысында - 30, Жетісу облысында - 74, Атырау облысында - 43, Шығыс Қазақстан облысында - 33, Абай облысында - 30, Жамбыл облысында - 60, Батыс Қазақстан облысында - 90, Қарағанды облысында - 341, Ұлытау облысында - 25, Қостанай облысында - 88, Қызылорда облысында - 57, Маңғыстау облысында - 39, Павлодар облысында - 89, Солтүстік Қазақстан облысында - 47, Түркістан облысында - 29.