Жаңалықтар
-
кеше 17:31
-
кеше 12:02
-
кеше 08:15
-
25.01.2021 23:09
-
25.01.2021 22:45
-
25.01.2021 21:12
-
25.01.2021 20:24
-
25.01.2021 19:35
-
25.01.2021 19:05
Коронавирусқа қарсы вакцина мұнай нарығын жандандырады - Нұрлан Ноғаев
2020 жылғы 24 қараша 18:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирусқа қарсы вакцинаның әзірленуі мұнай-газ нарығын жандандыруға мүмкіндік береді. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Мұнай-газ саласы түрлі өзгерістерге өте сезімтал екені белгілі. Мұнай мен газ – биржалық тауарлар. Сондықтан әлемде болып жатқан өзгерістер бағаға ықпал етіп отыр. Жалпы дамуға, экономикаға әсер ететін кез келген оқиға мен саяси факторлар мұнай бағасына әсерін тигізеді», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде. Осы орайда ол ірі мемлекеттер басшыларының мәлімдемелері немесе қандай да бір елеулі шешімдер бағаның қалыптасуына өзгеріс енгізетінін атап өтті. «Биыл Қазақстан 5 млн тоннаға өндіру көлемін төмендетті. Бұл қадам қоймаларда өнімнің шектен тыс жиналмауы үшін әрі кен орындарының тоқтауына жол бермеу бағытында іске асырылды. Атап айтқанда, осының барлығы ОПЕК+ келісім аясында қажетті шара болды. Саладағы сарапшылар коронавирусқа қарсы вакцинаны даярлау жақсы нәтиже беріп, экономикалық даму жанданатынын айтуда», - деді Н. Ноғаев.