Жаңалықтар

Коронавирусқа қатысты ауқымды статистика мамырда дайын болады - ДСМ

2021 жылғы 14 сәуір 20:07
Коронавирусқа қатысты ауқымды статистика мамырда дайын болады - ДСМ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздегі коронавирус инфекциясына қатысты жан-жақты статистика мамыр айында дайын болады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ведомстволық ресми статистикаға қатысты айтар болсақ, ол жыл сайынғы тәжірибе. Сәуірайының соңына дейін бұл жұмыс Ұлттық статистика бюросымен бірге жүргізіледі. Осы жұмыстардың нәтижесі бойынша сәуірдің соңына дейін ресми есеп қалыптасады. Статистика, өлім-жітім, барлық топ бойынша ресми есепке қатыстыжан-жақты ведомстволық сатистика мамыр айында қалыптастырылады», - деді Марат Шоранов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында. Бірінші вице-министрдің дерегінше, Қазақстанда коронавирустың оң нәтижесімен 270 мыңнан астам, ПТР теріс нәтижесімен 51 мыңнан астам науқас тіркелген. Эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Қазақстан Республикасы 14 күн бойы тәуекелі жоғары, яғни, қызыл аймақта тұр. Сонымен қатар тәуекел жоғары аймаққа еліміздің 8 өңірі кіреді.