Жаңалықтар

Коронавирусқа шалдыққан 451 науқастың жағдайы ауыр – министрлік

2021 жылғы 24 қараша 09:30
Коронавирусқа шалдыққан 451 науқастың жағдайы ауыр – министрлік

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа шалдыққан науқастар туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

24 қарашадағы дерекке сәйкес, бүгінде ел өңірлерінде 28 704 адам коронавирус инфекциясынан (–24 700+ және 4 004 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 5 943 пациент стационарда, 22 761 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+ (коронавирус), КВИ- (коронавирус пневмониясы) шалдыққандардың арасында: - 451 адамның жағдайы ауыр, - 126 пациенттің жағдайы өте ауыр, - 81 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.