Жаңалықтар

Коронавирусқа шалдыққан 6 науқастың жағдайы өте ауыр – министрлік

2022 жылғы 3 қазан 10:01
Коронавирусқа шалдыққан 6 науқастың жағдайы өте ауыр – министрлік

АСТАНА. ҚазАқпарат – Коронавирусқа шалдыққан 6 науқастың жағдайы өте ауыр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2 қазандағы дерек бойынша, ел өңірлерінде коронавирус инфекциясынан 1 255 адам, соның ішінде коронавирустан –1 117 (КВИ+), коронавирус пневмониясынан 138 (КВИ-) емделіп жатыр. 134 пациент стационарда жатса, 1 121 науқас амбулаторлық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: - 3 адамның жағдайы ауыр; - 6 пациенттің жағдайы өте ауыр; - 2 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.