Жаңалықтар

Коронавирусқа шалдыққан 8 науқастың жағдайы өте ауыр – министрлік

2022 жылғы 2 тамыз 09:03
Коронавирусқа шалдыққан 8 науқастың жағдайы өте ауыр – министрлік

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирусқа шалдыққан 8 адамның жағдайы өте ауыр. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«2 тамыздағы мәлімет бойынша, 27 351 адам коронавирус инфекциясынан (–27 129+ және 222 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 1 539 пациент стационарда, 25 812 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда», - делінген ведомство мәліметінде. КВИ+ (коронавирус), КВИ- (коронавирус пневмониясы) шалдыққандардың арасында: - 37 адамның жағдайы ауыр; - 8 пациенттің жағдайы өте ауыр; - 4 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.