Жаңалықтар
-
кеше 22:08
-
кеше 08:58
-
24.02.2021 23:53
-
24.02.2021 22:20
-
24.02.2021 20:30
-
24.02.2021 19:47
-
24.02.2021 19:26
-
24.02.2021 18:52
-
24.02.2021 16:03
-
24.02.2021 14:09
-
24.02.2021 10:07
-
24.02.2021 09:50
-
24.02.2021 09:10
-
24.02.2021 09:00
-
24.02.2021 08:15
-
24.02.2021 07:45
-
24.02.2021 04:41
-
23.02.2021 21:15
-
23.02.2021 16:31
-
23.02.2021 13:08
-
23.02.2021 12:54
-
23.02.2021 12:43
Коронавируспен ауырған науқасты емдеуге қанша қаражат кетеді
2021 жылғы 20 қаңтар 21:01

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ медициналық көмектің сапасын бақылау департаментінің директоры Лаззат Шоманова коронавируспен ауырған адамды емдеуге қанша қаражат кететінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Коронавируспен ауырған науқасты емдеуға қанша қаражат кететіні аурудың қалай өтіп жатқанына байланысты. Сырқат жеңіл, орташа немесе ауыр жағдайда өтуі мүмкін. Орташа деңгейде ауырып жатқан адамға 400 мың теңгеден астам қаражат кетеді. Ауыр түрде ауырып жатқан адамға 800 мың теңгеден астам қаражат жұмсалады. Бұл сомаға барлық зертханалық және диагностикалық қызметтердің құны, сондай-ақ, науқастың ауруханада алатын емі кіреді», - дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ медициналық көмектің сапасын бақылау департаментінің директоры Лаззат Шоманова. Еске сала кетсек, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» басқарма төрағасы Болат Төкежанов өткен жылы коронавирус инфекциясымен күрес шеңберінде іс-шараларды қаржыландыру үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан 187,7 млрд теңге бөлінгенін айтқан болатын.