Жаңалықтар

Коронавирустан ел өңірлерінде 2 мың адам сауықты

2022 жылғы 4 тамыз 08:27
Коронавирустан ел өңірлерінде 2 мың адам сауықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда өткен тәулікте 2067 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметіне сілтеме жасап.

Өңірлер бойынша: Нұр-Сұлтан қаласында - 876, Алматы қаласында - 640, Ақтөбе облысында - 21, Алматы облысында - 92, Жетісу облысында - 127, Атырау облысында - 8, Шығыс Қазақстан облысында - 20, Абай облысында - 37, Жамбыл облысында – 17, Батыс Қазақстан облысында - 4, Қарағанды облысында - 130, Қызылорда облысында - 39, Маңғыстау облысында - 29, Павлодар облысында - 11, Түркістан облысында - 16. Жалпы пандемия басталғалы елімізде коронавирус 1 360 068 адамнан анықталса, соның ішінде 1 318 177 науқас сауығып шықты.