Жаңалықтар

Коронавирустан емделіп жатқан 1 мыңнан астам науқастың жағдайы ауыр

2021 жылғы 18 қыркүйек 11:10
Коронавирустан емделіп жатқан 1 мыңнан астам науқастың жағдайы ауыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 18 қыркүйектегі ақпарат мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

18 қыркүйектегі мәлімет бойынша 70 984 адам коронавирус инфекциясынан (67 432 КВИ+ және 8 552 КВИ-) емделіп жатыр. Оның ішінде: - 13 087 пациент стационарда - 57 897 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында: - 1 041 адамның жағдайы ауыр - 276 пациенттің жағдайы өте ауыр - 189 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.