Жаңалықтар

Коронавирустан емделіп жатқан 15 науқастың жағдайы ауыр

2023 жылғы 9 қаңтар 09:20
Коронавирустан емделіп жатқан 15 науқастың жағдайы ауыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2023 жылғы 9 қаңтардағы ақпарат жарияланды.

Оған сенсек, қазір 2 534 адам коронавирус инфекциясынан (–2 386+ және 148 КВИ-) емделіп жатыр. Оның ішінде 272 пациент стационарда, 2 262 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында: - 15 адамның жағдайы ауыр - 6 пациенттің жағдайы өте ауыр - 4 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.