Жаңалықтар

Коронавирустан емделіп жатқан 2 мыңға жуық науқастың жағдайы ауыр

2021 жылғы 3 тамыз 10:34
Коронавирустан емделіп жатқан 2 мыңға жуық науқастың жағдайы ауыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 3 тамыздағы ақпарат жарияланды.

3 тамыздағы мәлімет бойынша 102 839 адам коронавирус инфекциясынан (100 145 КВИ+ және 2 694 КВИ-) емделіп жатыр. Оның ішінде 29 138 пациент стационарда, 73 701 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында: - 1 707 адамның жағдайы ауыр - 395 пациенттің жағдайы өте ауыр - 197 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.