Жаңалықтар

Коронавирустан емделіп жатқан 236 науқастың жағдайы ауыр

2021 жылғы 24 ақпан 09:50
Коронавирустан емделіп жатқан 236 науқастың жағдайы ауыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастардың жағдайы туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

24 ақпандағы мәлімет бойынша, елімізде 20 387 адам короновирус инфекциясынан (13 165 КВИ+ және 7 222 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 574 пациент стационарда, 15 813 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: - 236 адамның жағдайы ауыр; - 55 пациенттің жағдайы өте ауыр; - 47 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.