Жаңалықтар

Коронавирустан емделіп жатқан 6 науқастың жағдайы өте ауыр

2022 жылғы 2 қазан 14:52
Коронавирустан емделіп жатқан 6 науқастың жағдайы өте ауыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2022 жылғы 2 қазандағы ақпарат мәлім болды.

Соңғы мәлімет бойынша, 1 255 адам коронавирус инфекциясынан (–1 117+ және 138 КВИ-) емделіп жатыр. Оның ішінде 134 пациент стационарда, 1 121 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында: - 3 адамның жағдайы ауыр - 6 пациенттің жағдайы өте ауыр - 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.